23:28, 20 Маусым 2022 | GMT +6
Футболдан ел біріншілігінде ойыншылардың жазғы трансферлік мерзімі бекітілді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Футболдан Қазақстан біріншілігіндегі ойыншылардың жазғы трансферлік мерзімі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы мәлім етті.
Аталған шешімді Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитеті шығарды. Нәтижесінде жазғы ойыншылар ауысу кезеңінің мерзімі айқындалды.
Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің шешімімен екінші тіркеу трансферлік кезеңі 28 маусымде басталып, 26 шілдеде аяқталады.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан ел біріншілігінде «Қайрат» «Мақтаралдан» басым түсті.
Сондай-ақ, Қазақстан футбол чемпионатында «Тұран» мен «Ақжайық» тең тарқасты.