Футболдан ел біріншілігінде жазғы трансфер мерзімі басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан ел біріншілігінде ойыншылардың жазғы трансферлік мерзім басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Жазғы трансфер уақыты 26 маусымда басталып, 24 шілдеде аяқталады. Осы аралықта командалар жаңа ойыншыларды тіркей алады.

Айта кетсек, қазір Премьер лигада алғашқы айналым мәресіне жетті.

Әзірге 15 ойыннан кейін 33 ұпай жинаған «Астана» көш басында келеді. Одан кейінгі орындарда «Ордабасы» мен «Ақтөбе» командалары тұр.

Енді екінші айналым 1 және 2 шілде күндері өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын 13-тур ойындары өтті. Бұл турда «Астана» «Каспийді» 3:1 есебімен жеңсе, «Қайрат» «Қызылжарды» 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Ал одан кейін «Атырау» «Тобылды» - 3:0, «Жетісу» «Шахтерді», «Ордабасы» «Ақсуды», «Қайсар» «Оқжетпесті» - 1:0 есебімен қапы қалдырса, «Ақтөбе» мен «Мақтарал» 1:1 есебімен тең түсті.


Соңғы жаңалықтар