Футболдан ел біріншілігі басталар алдында «Атырау» командасы бас бапкерсіз қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Беларусьтік маман Виталий Жуковский «Атырау» клубының бас бапкері қызметінен кетті. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.

Футболдан ел біріншілігі басталар алдында «Атырау» командасы бас бапкерсіз қалды
Фото: «Атырау» футбол клубы

– Шешім екіжақты келісім негізінде жүзеге асты. Виталий Леонидович атыраулық клуб тізгінін алғаш рет 2022 жылдың жазында ұстады. Үш жылдан астам уақыт ішінде командамен 85 ойын өткізіп, 28 жеңіске жетті, 28 кездесуді тең аяқтап, 29 рет жеңіліс тапты, - деп жазылған хабарламада. 

Айта кетсек, Беларусь маманы 2025 жылдың 1 желтоқсанында атыраулық клубта қызметін қайта жалғастыратыны жөнінде келісімге келген еді. 

Аталған маман 2022-2024 жылдары аралығында «Атырау» бас жаттықтырушысы болып, команданы Қазақстан кубогының финалына шығарды. Ел чемпионаты аясында кейінгі жылдардағы үздік нәтижені (7-орын) көрсеткен еді. 

Айта кетсек, «Атырау» биылғы маусымдағы алғашқы матчтарын Түркістан қаласындағы «Түркістан Аренада» өткізеді. Атырау қаласындағы «Мұнайшы» стадионында қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты арена уақытша жабылған. 

Доп додасының алғашқы турында, яғни «мұнайшылар» 8 наурызда «Ұлытау» командасымен шеберлік байқасады. 

Соңғы жаңалықтар
Референдум