ҚПЛ: «Қызылжар» командасы «Жеңісті» ірі есеппен жеңді
АСТАНА. KAZINFORM - Петропавлдың «Қызылжар» клубы футболдан Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турында Астананың «Жеңісінен» ірі есеппен басым түсті.Бүгін петропавлдық клуб өз алаңында елордалық «Жеңісті» қабылдады.

Кездесу барысында олардың қатарынан Евгений Березкин 23-минутта есеп ашса, одан кейін Зоран Нижич есепті үстемелей түсті.
Ойынның 71-минутында Борис Цмилянич басымдықты арттырса, Алексей Щебегун 81-минутта қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Қызылжар» қарсыласынан 4:0 есебімен басым түсті.
Енді аталған турда бүгін, 6 сәуірде 16:30-да «Елімай» мен «Қайсар» кездессе, 19:00-де «Қайрат» пен «Жетісу» жасыл алаңға шығады.
Ертең, 7 сәуірде «Ақтөбе» мен «Атырау», «Шахтёр» мен «Астана», «Тұран» мен «Ордабасы» ойнайды.
Еске салсақ, футболдан Бірінші лигада «Каспий» сырт алаңда үш ұпай олжалады.