Футболдан ел чемпионаты: «Қайрат» көш соңындағы «Қайсардан» ұтылды

футбол
Фото: Рixabay

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 6-турында Қызылорданың «Қайсары» өз алаңында Алматының «Қайратын» қабылдады.

Алматылықтар бұған дейін топ бастаушылардың қатарында болса, қызылордалықтар көш соңында еді. 

Бірінші тайм тең жағдайда өткенімен, екінші кезеңде жиірек шабуылдаған алматылықтар өз мүмкіндіктерін пайдалана алмады. Есесіне 94-минутта «Қайраттың» қақпашысы Данил Устименко допты уысынан шығарып алғаннан кейін Айбар Жақсылықов жеңіс голын соғып кетті – 1:0. 

«Қайрат» 8 ұпаймен турнир кестесінде 6-орында қалса, «Қайсар» (4 ұпай) 12-сатыда тұр. 

Жексенбі күні «Елімай» (Семей) – «Ордабасы» (Шымкент) және «Жетісу» - «Ақтөбе» матчтары өтеді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын футболдан Қазақстан чемпионатында «Астананың» екінші орынға көтерілгенін жазған болатынбыз. 



Соңғы жаңалықтар