Футболдан ел құрамасының ойындары «Астана Арена» стадионында өтеді

астана арена
Фото: fcastana.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан құрамасының ойындары елордадағы «Астана Арена» стадионында өтеді.

Осыған дейін Астана қаласындағы басты стадион күрделі жөндеу жұмыстарына жабылған еді. 
Жақын арада Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін «Астана» және «Жеңіс» футбол командалары стадионға оралады.

Күзде Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасындағы ойындарын бастауы тиіс. Қазақстан В лигасының 3-тобында Аустрия, Норвегия және Словения құрамаларымен ойнайды.
Қазақстан 6 қыркүйекте өз алаңында азулы Норвегия командасын қабылдайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ел чемпионатында «Астана» мен «Тобыл» командалары тең тарқасқанын жазған болатынбыз.

Елордалық клуб бұл ойынын Алматы қаласындағы «Хан-Тәңірі» стадионында өткізген еді. 

Соңғы жаңалықтар