Футболдан еліміздің әйелдер лигасында «Оқжетпес» тағы ойсырай жеңілді

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан еліміздің әйелдер лигасында он алтыншы тур ойындары мәресіне жетті.

Футболдан еліміздің әйелдер лигасында «Оқжетпес» тағы ойсырай жеңілді
Фото: ҚФФ

Бұл турдың ойындарын «Оқжетпес» (Көкшетау) пен «Қызылжар» (Петропавл) кездесуі түйіндеді.

Биыл көш соңында келе жатқан көкшетаулық клуб аталған ойында да қарсыласына төтеп бере алған жоқ. Өз қақпасына жауапсыз он төрт гол жіберіп алды. 

Осылайша «Оқжетпес» қарсыласына 0:14 есебімен есе жіберді.

Ойын нәтижесі:

4 тамыз

  • «Жеңіс» (Астана) - «Ақтөбе» 0:3
  • «Тобыл» (Қостанай) - «Қайрат» (Алматы) 0:2
  • «Елімай» (Семей) - «Астана» 3:2
  • «Жетісу» (Талдықорған) - «Томирис-Тұран» (Түркістан) 1:5
  • «Ұлытау» (Жезқазған) - БИІК (Шымкент) 1:9
  • «Қайсар» (Қызылорда) - «Атырау» 6:1

5 тамыз

  • «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Қызылжар» (Петропавл) 0:14

Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан биыл әйелдер құрамалары құрылған.

Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.

Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар