Футболдан Еуро-2024: бас жүлдеден үміткер құрамалар анықталды

футбол
Фото: Alex Morton - UEFA / Contributor / UEFA / Gettyimages.ru

АСТАНА. KAZINFORM - Халықаралық спорттық зерттеу орталығы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының бас жүлдесінен үміткер төрт құраманы жариялады. 

Таңдаулыларды анықтау үшін құрамаларға негізделген бірқатар күрделі формула, индекс пен есептеу қолданылды.

Құрлықтық доданың фавориті ретінде Франция, Англия, Германия және Испания аталып отыр.

Айта кетсек, Еуропа чемпионаты 14 маусым-14 шілде аралығында Германияның 10 қаласындағы стадиондарда өткізіледі. Оған барлығы 24 құрама қатысады. Құрамалар алты топқа бөлінген. Әрбір топтан бірінші және екінші орын алған құрамалар плей-офф сатысына шығады.

Сондай-ақ үшінші орын алған құрамалар арасында үздік көрсеткішке ие болғандары жарысты жалғастырады.

Құрлықтық дода ойындары толығымен «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан көрсетіледі.

Еуропаның үздік құрамаларының 51 кездесуі бір ай бойы екі арнадан көрсетіледі.
Құрамалардың топқа бөлінуі мынадай:

А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария.
B тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания.
С тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия.
D тобы: Польша, Нидерланд, Австрия, Франция.
E тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, Украина
F тобы: Португалия, Грузия, Түркия, Чехия.

Финалдық кезең 14 маусымда Германия мен Шотландия кездесуімен ашылады. 14-26 маусым аралығында өтетін топтық кезең ойындары 18:00, 21:00, 00:00–де басталады.

Соңғы жаңалықтар