Футболдан ЕУРО-2024: Словения мен Дания құрамалары тең түсті

Футболдан ЕУРО-2024: Словения мен Дания құрамалары тең түсті
Фото: UA-Football

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының үшінші ойын күнінде C тобындағы Словения мен Дания құрамалары тең ойнады.

Екі құрама қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Екеуі қазақстандық футболшылармен бірге іріктеу кезеңінде H тобында ойын көрсетті.

Ел құрамасы өз алаңында Данияны 3:2 есебімен жеңіп, сенсация жасаған болатын. Дегенмен, сырт алаңда оларға 1:3 есебімен есе жіберді. 

Ал Словениядан екі ойында да 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Соған қарамастан олармен кездесуде лайықты төтеп бере білді.

Бүгінгі кездесуде Словения мен Дания 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Ойын барысында даниялық Кристиан Эриксен 17-минутта есеп ашса, словениялық Эрик Янжа таразы басын теңестіріп кетті.

Енді сағат 23:55-те С тобындағы Сербия мен Англия кездесуі өтеді.

Сондай-ақ, 16 маусымда D тобындағы тағы бір матчта Польша Нидерланд құрамасына 1:2 есебімен есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар