Футболдан Euro-2024 жеребесі тартылып, Қазақстанның ықтимал қарсыластары анықталды

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық сатысының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Kazinform.

еуро 2024
Фото: pixabay.com

Құрлықтық дода 2024 жылдың 14 маусымы мен 14 шілдесі аралығында Германияның Берлин, Дортмунд, Дюссельдорф, Франкфурт-на-Майне, Гельзенкирхен, Гамбург, Кёльн, Лейпциг, Мюнхен, Штутгарт қалаларында өткізіледі.

Финалдық кезең 14 маусымда Германия мен Шотландия кездесуімен ашылады.

А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария.

B тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания.

С тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия.

D тобы: Ұлттар лигасында А жолының жеңімпазы (Польша, Эстония, Уэльс, Финляндия), Нидерланд, Австрия, Франция.

E тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, Ұлттар лигасы B жолының жеңімпазы (Израиль, Исландия, Босния және Герцеговина, Украина

F тобы: Португалия, Ұлттар лигасы С жолының жеңімпазы (Грузия, Люксембург, Қазақстан, Грекия), Түркия, Чехия.

Былтыр Ұлттар лигасы С лигасында өз тобында бірінші орын алған қазақстандық футболшылар енді аталған турнирдің плей-офф жүйесі бойынша Еуропа чемпионатының финалдық сатысының жолдамасын сарапқа салуға мүмкіндік алды.

Енді олар 2024 жылдың 21 наурызында С жолы бойынша жартылай финалда Грекиямен кездеседі. Жеңген жағдайда финалда Грузия және Люксембург жұбының жеңімпазымен құрлықтық дода финалына берілетін жалғыз жолдаманы сарапқа салады.

Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында ел құрамасы 18 ұпаймен Финляндиямен бірге үшінші-төртінші орынды өзара бөліскен еді.

Соңғы жаңалықтар