Футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан жастары Андоррадан басым түсті

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 2027 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде бүгін Андорраға қарсы ойын өткізді.

футбол жастар
Фото: ҚР футбол федерациясы

Бұл ойынға ұлттық құраманың шабуылшысы Дастан Сәтпаев та қатысты. Ол алдымен ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиынына қатысты. Одан кейін Қазақстан 21 жасқа дейінгі жастар құрамасына қосылып, 2027 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Андорраға қарсы матчқа дайындалды.

Кездесу барысында қазақстандық футболшылар жылдам гол соғуға тырысты. Нәтижесінде 11-минутында Олжас Байбектің алыстан тепкен добы қақпа торында тулап жатты. Одан кейін олардың тарапынан гол соғатын бірнеше мүмкіндік болды. Дегенмен олардың барлығын тиімді пайдалана алған жоқ. Есесіне андорралық футболшылар қарсы шабыл ұйымдастырды.

Дегенмен таблодағы есепке өзгеріс енбеді.

Осылайша Қазақстан жастары қаарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Жастарымыз D тобында Англия, Ирландия, Словакия, Молдова және Андорра құрамаларымен кездеседі. Аға бапкер Денис Мамоновтың шәкірттері 2 маусымда Астанада жиналды. Олар оқу-жаттығу жиынын өткізді.

Енді қазақстандық жастар 8 маусымда Англиямен шеберлік байқасады.

Іріктеу кезеңі 5 маусымда басталып, 2026 жылдың 6 қазанында мәресіне жетеді. 

Соңғы жаңалықтар