Футболдан Еуропа чемпионаты: Бүгінгі ойынды қайдан көруге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Еуропа чемпионатының алғашқы жартылай финалында Италия мен Испания құрамалары кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі құрама бұған дейін 38 мәрте кездесті. Оның 11-де италиялықтар жеңіске жетіп, 12-де испандықтар басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Аталған кездесу Англияның Лондон қаласындағы «Уэмбли» стадионында өткізіледі.

Ойында германиялық Феликс Брих бас қазы қызметін атқарады. Оған отандастары Марк Борш пен Штефан Лупп көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші - ресейлік Сергей Карасёв.

Кездесу елорда уақытымен 23.50-де басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске салайық, құрлықтық дода он алтыншы мәрте өткізіліп отыр. Кәрі құрлықта 1960 жылы алғашқы Еуропа біріншілігі ұйымдастырылды. Ойындар дүбірлі дода тарихында тұңғыш рет Еуропаның 10 мемлекетінде орналасқан 11 стадионда өткізілуде. Бұл дүбірлі доданың 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Биылғы біріншілікте барлығы 24 құрама сынға түсті.

Еске салсақ, ширек финалда Италия Бельгиядан, Испания Швейцариядан басым түсті.


Соңғы жаңалықтар