Футболдан Еуропа чемпионаты: Финалға шыққан барлық құрама анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық кезеңінде бақ сынайтын барлық құрама анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан  Еуропа чемпионаты: Финалға шыққан барлық құрама анықталды

Бұдан бұрын оған қатысатын 20 құрама белгілі болды. Қалған төрт құрама 12 қарашада өткен қосымша ойындар арқылы нақтыланды. Аталған ойындарда Венгрия Исландияны, Словакия Солтүстік Ирландияны 2:1 есебімен жеңді. Өз алаңында Грузия Солтүстік Македониядан 0:1 есебімен есе жіберді. Ал Шотландия және Сербия арасындағы кездесудің негізгі кезеңі 1:1 есебімен аяқталып, пенальтиден шотландиялық құраманың жолы болды.

Еуропа чемпионаты финалдық кезеңінде бақ сынайтын құрамалар төмендегіше топқа бөлінді.

А тобы: Италия, Түркия, Уэльс, Швейцария

В тобы: Бельгия, Ресей, Дания, Финляндия

С тобы: Украина, Нидерланды, Австрия, Солтүстік Македония

D тобы. Англия, Хорватия, Чехия, Шотландия

Е тобы: Испания, Швеция, Польша, Словакия

F тобы Германия, Португалия, Франция, Венгрия.

Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 2020 жылдың 12 маусым-12 шілде аралығында өткізілуі тиіс болатын. Коронавирус инфекциясына байланысты ол 2021 жылға шегерілді. Ойындар Еуропаның 12 мемлекетіндегі стадиондарда болады.