14:45, 29 Наурыз 2022 | GMT +5
Футболдан Еуропа чемпионаты: Қазақстан жастары Шотландия құрамасымен кездеседі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздің 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің кезекті ойынында Шотландияны қабылдайды , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын Алматы қаласындағы Орталық стадионда өткізіледі. Кездесуде молдовалық Дмитрий Мунтян бас төреші қызметін атқарады. Оған Влад Лифчу пен Вадим Виколь көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де - молдовалық Петр Стоянов.
Кездесу елорда уақытымен 17.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Іріктеу турнирінде Қазақстан жастар құрамасы I тобында Бельгия, Дания, Шотландия және Түркиямен сынға түсуде.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан жастары Қырғызстан олиимпиадалық құрамасынан 2:0 есебімен басым түсті.