Футболдан Еуропа чемпионаты: Ширек финалға шыққан алғашқы құрама анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысында 1/4 финалға жолдама алған алғашқы құрама белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Мұндай мүмкіндікке Португалия құрамасы қол жеткізді. Португалдық футзалшылар бүгін Нидерланды құрамасын 4.1 еесбімен тізе бүктірді. Алғашқы турда олар Сербиядан 4:2 есебімен басым түскен еді. Осылайша алты ұпайды қалтаға басқан португалиялық құрама жарыстың келесі сатысына берілген жолдаманы ертерек қалтаға салып қойды.

Сондай-ақ, бүгін Украина Сербияны 6:1 есебімен тізе бүктірген еді.

Енді тағы бір жолдама Нидерланды және Украина құрамалары арасында шешіледі. 28 қаңтарда Украина Португалиямен кездессе, Нидерланды мен Сербия шеберлік байқасады.

Еске салсақ, В тобында ойнайтын Қазақстан бірінші турда Словениямен 4:4, Италия мен Финляндия 3:3 есебімен тең түсті.

Енді екінші турда 24 қаңтарда Италия мен Словения, Қазақстан мен Финляндия алаңға шығады.

Айта кетсек, турнир Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында 19 қаңтар және 6 ақпан күндері өткізіледі.


Соңғы жаңалықтар