Футболдан Еуропа лигасы 1/8 финалындағы қарсыластар анықталды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін Швейцарияның Ньон қаласында футболдан Еуропа лигасы 1/8 финалының жеребе тарту рәсімі өтті.

Футболдан Еуропа лигасы 1/8 финалындағы қарсыластар анықталды
Фото: TRT

Жарыстың аталған сатысында барлығы 16 команда сынға түседі. Жеңімпаздар ширек финалға жолдама алады. 

Енді 1/8 финалда «Буде-Глимт» (Норвегия) пен «Олимпиакос» (Грекия), «Фенербачхе» (Түркия) мен «Рейнджерс» (Шотландия), «Аякс» (Нидерланд) пен «Айнтрахт» (Германия), ФКСБ (Румыния) мен «Лион» (Франция), «АЗ Алкмар» (Нидерланд) мен «Тоттенхэм» (Англия), «Реал Сосьедад» (Испания) пен «Манчестер Юнайтед» (Англия), «Виктория Пльзень» (Чехия) мен «Лацио» (Италия), «Рома» (Италия) мен «Атлетик» (Испания) командалары ойнайды.

Алғашқы ойындар 6 наурызда өтсе, қарымта кездесу 13 наурызға жоспарланған. Ал ширек финал 10, 17, жартылай финал 1, 8 мамыр күндері болады. Финал 21 мамырда Испанияның Бильбао қаласындағы «Сан-Мамес» стадионында болады.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды.

Соңғы жаңалықтар