Футболдан Еуропа лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды

жеребе
Фото: TRT

АСТАНА. KAZINFORM - Швейцарияның Ньон қаласында бүгін, 23 ақпанда футболдан Еуропа лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды. 

Жеребе тартуға барлығы 16 команда қатысты. Олардың 8-і топтық кезеңде бірінші орын алған ұжымдар болса, тағы 8-і плей-офф сатысында жеңімпаз атанғандар.

Жарыстың аталған сатысында клубтар екі кездесу (өз алаңында, түзде) өткізеді. Жеңімпаздар 1/4 финалға жолдама алады. 

1/8 финалдағы жұптар:

«Спарта Прага» (Чехия) - «Ливерпуль» (Англия)

«Марсель» (Франция) - «Вильярреал» (Испания)

«Рома» (Италия) - «Брайтон» (Англия)

«Бенфика» (Португалия) - «Рейнджерс» (Шотландия)

«Фрайбург» - «Вест Хэм» (Англия)

«Спортинг» (Португалия) - «Аталанта» (Италия)

«Милан» (Италия) - «Славия Прага» (Чехия)

«Карабах» (Әзербайжан) - «Байер» (Германия). 

1/8 финалдың алғашқы ойыны 7 наурызда өтсе, қарымта кездесу 14 наурызға белгіленген. Финал 22 мамырда Ирландия астанасы Дублин қаласындағы «Авива» стадионында өтеді. 

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан ел чемпионатының күнтізбесі белгілі болды. 

Соңғы жаңалықтар