Футболдан Еуропа лигасы финалында англиялық екі клуб кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан UEFA Еуропа лигасы финалына шыққан командалар анықталды.

Жарыстың аталған сатысындағы кездесудің бірінде «Манчестер Юнайтед» (Англия) пен «Атлетик Бильбао» (Испания) шеберлік байқасты.
Алғашқы кездесуде англиялық клуб 3:0 есебімен басым түскен еді. Сондықтан «Атлетик Бильбао» жолдаманың қолдан сусып бара жатқанын түсініп, бірден шабуыл ұйымдастыруға тырысты. Осындай сәттің бірінде Микель Хаурехисар 31-минутта амергендік танытты.
Есесіне одан кейін испаниялық команда өз қақпасынан төрт мәрте допты алып шығуға мәжбүр болды. «Манчестер Юнайтед» сапынан Мэйсон Маунт 72, 91, Каземиро 80, Расмус Хойлунд 85-минутта гол соқты.
Осылайша англиялық клуб қарсыласын 4:1 есебімен тізе бүктіріп, финалға жолдама алды.
Тағы бір ойында Англияның «Тоттенхэм Хотспур» клубы сырт алаңда норвегиялық «Бодо-Глимт» командасын 2:0 есебімен жеңді. Олардың қатарынан Доминик Соланке 63, Педро Порро 69-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.
Бірінші ойында да «Тоттенхэм Хотспур» 3:1 есебімен басым түскен еді.