Футболдан Еуропа лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - UEFA Еуропа лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Жарыстың аталған сатысында 1/16 финалында жеңімпаз болған 8 команда қатарына топтық кезеңде бірінші орын алған клубтар қосылды.

Еуропа лигасының 1/8 финалындағы жұптардың тізімі:

«Унион Берлин» - «Юнион» (Бельгия)

«Севилья» (Испания) - «Фенербахче» (Түркия)

«Ювентус» (Италия) - «Фрайбург» (Германия)

«Байер» (Германия) - «Ференцварош» (Венгрия)

«Спортинг» (Португалия) - «Арсенал» (Англия)

«Манчестер Юнайтед» (Англия) - «Бетис» (Испания)

«Рома» (Италия) - «Реал Сосьедад» (Испания)

«Шахтер» (Украина) - «Фейеноорд» (Нидерланды).

1/8 финалдық ойындар 9 және 16 наурыз күндеріне жоспарланған.

Айта кетсек, Еуропа лигасының финалы 31 мамырда Венгрия астанасы Будапешт қаласындағы «Ференц Пушкаш» стадионында өтеді.



Соңғы жаңалықтар