Футболдан Еуропа лигасы: «Арсенал» финалға шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан УЕФА Еуропа лигасында финалға шыққан алғашқы команда анықталды. Англияның «Арсеналы» сырт алаңда Испанияның «Валенсия» клубын тізе бүктіріп, финалға берілген жолдамаға ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Испанияның «Валенсия» клубы өз алаңында Англияның «Арсеналын» қабылдады. Естеріңізге сала кетелік, екі команданың алғашқы кездесуінде ағылшындар 3:1 есебімен басым түскен еді. Бүгінгі кездесуде испандар сол кеткен есені қайтаруға тырысты. Жылдам гол соғу жолын іздеді. Дегеніне жетіп, ойынның 11-минутында Кевин Гамейро ағылшындық клуб қақпасын дәл көздеді. Көп ұзамай «Арсенал» шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянг таразы басын теңестіріп кетті. Бұл ойынның 16-минуты болатын. Ағылшындар екінші кезеңде тағы бір гол соғып, жағдайын одан әрі жақсарта түсті. «Арсеналдың» тағы бір шабуылшысы Александр Ляказетт 50-минутта алаң иелерін қапы қалдырды. Бұл гол «Валенсияның» намысына тиген секілді. Бұдан кейін біршама шабуыл өрбітті. Соның бірінде 58-минутта Кевин Гамейро тағы бір голдың авторы атанды. Осылайша таразы басы теңесті. Дегенмен алаң иелері бұл есепті ұзақ ұстап тұра алған жоқ. Ойынның 69 және 88-минуттарында Пьер-Эмерик Обамеянг тағы да екі гол соғып кетті. Сонымен «Арсенал» аталмыш қарсыласын 4:2 есебімен жеңіп, ақтық сайысқа шықты. null null

«Валенсия» УЕФА Еуропа лигасында 2003/2004 жылғы кезеңде кубокты еншілеген болатын. Ал «Арсенал» аталмыш турнирдің бастауы саналатын Жәрмеңке кубогында 1969/1970 жылдарда жеңіске жеткен еді. 1999/2000 жылдарда УЕФА кубогының (Еуропа лигасының бұрынғы атауы) финалында Түркияның «Галатасарай» клубына пенальтиден жол беріп қойды. null

Дәл қазір Англияда «Челси» мен Германияның Майндағы Франкфурт қаласының «Айнтрахт» командаларының негізгі кезеңі 1:1 есебімен аяқталды. Алғашқы кездесуде де дәл осы нәтиже тіркелген еді. Сондықтан жеңімпаз қосымша кезеңде немесе пенальти тебу арқылы анықталуы мүмкін.

УЕФА Еуропа лигасының финалдық ойыны 29 мамырда Баку қаласында өткізіледі.

Бұдан бұрын біз УЕФА Чемпиондар лигасының финалына Англияның «Ливерпуль» және «Тоттенхэм Хотспурс» командалары шыққанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар