Футболдан Еуропа лигасы: Бүгін 1/8 финал басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан UEFA Еуропа лигасы 1/8 финалының алғашқы екі ойыны өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан Еуропа лигасы: Бүгін 1/8 финал басталады

Еске салсақ, жарыстың аталған сатысына «РБ Лейпциг» (Германия), «Севилья» (Испания), «Аталанта» (Италия), «Порту» (Португалия), «Бетис» (Испания), «Рейнджерс» (Шотландия), «Брага» (Португалия), «Барселона» (Испания) командалары жолдама алды.

Сондай-ақ, олардың қатарына топтық кезеңде бірінші орын алып, бірден 1/8 финалға шыққан «Байер» (Германия), «Галатасарай» (Түркия), «Црвена Звезда» (Сербия), «Спартак» (Ресей), «Лион» (Франция), «Айнтрахт» (Германия), «Вест Хэм Юнайтед» (Англия), «Монако» (Франция) командалары қосылды.

1/8 финалдағы қарсыластар төмендегіше:

9 наурыз

«Порту» – «Лион»

«Бетис» – «Айнтрахт»

10 наурыз

«Аталанта» – «Байер»

«Барселона» – «Галатасарай»

«Рейнджерс» – «Црвена Звезда»

«Севилья» – «Вест Хэм Юнайтед»

«Брага» – «Монако»

Жарыстың аталған кезеңінде Германияның «РБ Лейпциг» командасы Ресейдің «Спартак» клубымен кездесуі тиіс болатын. FIFA және UEFA шешімімен Ресей құрамасы мен барлық командасы барлық турнирден шеттетілді. Сондықтан германиялық клуб 1/4 финалға бірден жолдама алды.

Қарымта ойындар 17 наурызға белгіленген.

Финал 22 мамырда Испанияның «Рамон Санчес Писхуан» стадионында болады.