Футболдан Еуропа лигасы: Бүгін ширек финал ойындары басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 8 сәуірде футболдан UEFA Еуропа лигасы 1/4 финалы басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ширек финал ойындарында барлық сегіз команда төрт жұпта өзара шеберлік байқасады. Жарыстың аталған сатысында Англияның «Манчестер Юнайтед», «Арсенал», Испанияның «Вильярреал», «Гранада», Италияның «Рома», Нидерландының «Аякс», Хорватияның «Динамо Загреб», Чехияның «Славия Прага» сынға түседі.

Бүгінгі ойындарда «Аякс» пен «Рома», «Гранада» мен «Манчестер Юнайтед», «Динамо Загреб» пен «Вильярреал», «Арсенал» мен «Славия Прага» командалары шеберлік байқасады.

Аталған ойындарда «Гранада» мен «Манчестер Юнайтед» кездесуі «Qazaqstan», «Аякс» пен «Рома» кездесуі «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еуропа лигасының финалы Польшаның Гданьск қаласындағы «Гданьск Арена» стадионында 26 мамырда өткізіледі.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын UEFA Чемпиондар лигасының ширек финалында алғашқы ойындар өткізілді.

2020 жылы Еуропа лигасында Испанияның «Севилья» командасы чемпион атанды.


Соңғы жаңалықтар