Футболдан Еуропа лигасы: Ширек финалға шыққан командалар анықталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Еуропа лигасы 1/4 финалына шыққан командалар анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17 наурызда 1/8 финалдағы қарымта ойындар өткізілді.
1/8 финалдағы ойын нәтижелері төмендегіше:
«Монако» (Франция) - «Брага» 1:1 (бірінші ойын 0:2)
«Црвена Звезда» (Сербия) - «Глазго Рейнджерс» 2:1 (бірінші ойын 0:3)
«Байер» (Германия) - «Аталанта» 0:1 (бірінші ойын 2:3)
«Вест Хэм Юнайтед» - «Севилья» (Испания) 2:0 (бірінші ойын 0:1)
«Лион» - «Порту» (Португалия) 1:1 ( бірінші ойын 1:0)
«Айнтрахт» - «Реал Бетис» (Испания) 1:1 (бірінші ойын 2:1)
«Галатасарай» (Түркия) - «Барселона» (Испания) 1:2 ( бірінші ойын 0:0)
«Спартак» (Ресей) - «Лейпциг» (Германия) ойыны өткізілген жоқ. Германиялық команда бірден ширек финалға шықты.
Ширек финал ойындары 7 және 14 наурыз күндері өткізіледі. Финал 18 мамырда Испанияның Севилья қаласында болады.
Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасы ширек финалына шыққан командалар анықталды.