Футболдан Еуропа лигасында «Арсенал» норвегиялық клубты жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - UEFA Еуропа лигасы топтық кезеңінің төртінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан Еуропа лигасында «Арсенал» норвегиялық клубты жеңді

Аталған турда Англияның «Арсеналы» сырт алаңда Норвегияның «Бодо-Глимт» командасымен кездесті. Норвегиялық клуб Еуропа лигасында жақсы ойын өрнегін көрсетіп келеді. «Арсеналмен» кездесуге дейін бір жеңіс, бір тең нәтижемен төрт ұпай жинаған еді. Үшінші турда олар «Арсеналға» 0:5 есебімен жол берсе, бұл жолы 0:1 есебімен жеңілді.

Аталған турдағы барлық ойын нәтижесі төмендегіше:

А тобы: «ПСВ Эйндховен» (Нидерланды) - «Цюрих» (Швейцария) 5:0, «Бодо-Глимт» (Норвегия) - «Арсенал» (Англия) 0:1

В тобы: «Динамо Киев» (Украина) - «Ренн» (Франция) 0:1, «АЕК Ларнака» (Кипр) - «Фенербахче» (Түркия) 1:2

С тобы: «Лудогорец» (Болгария) - ХИК (Финляндия) 2:0, «Реал Бетис» (Испания) - «Рома» (Италия) 1:1

D тобы: «Унион Берлин» (Германия) - «Мальмё» (Швеция) 1:0, «Юнион Сен-Жилуаз» (Бельгия) - «Спортинг Брага» (Португалия) 3:3

E тобы: «Реал Сосьедад» (Испания) - «Шериф» (Молдова) 3:0, «Манчестер Юнайтед» (Англия) - «Омония» (Кипр) 1:0

F тобы: «Штурм» (Австрия) - «Лацио» (Италия) 2:2, «Фейеноорд» (Нидерлданды) - «Мидтьюлланн» (Дания) 2:2

G тобы: «Нант» (Франция) - «Фрайбург» (Германия) 0:4, «Карабах» (Әзербайжан) - «Олимпиакос Пирей» (Грекия) 0:0

H тобы: «Ференцварош» (Венгрия) - «Црвена Звезда» (Сербия) 2:1, «Трабзонспор» (Түркия) - «Монако» (Франция) 4:0

Енді бесінші тур ойындары 27 қазанда өткізіледі.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Чемпиондар лигасында «Барселона» «Интермен» тең түсті.


Фото: thesportsman.com