Футболдан Еуропа лигасында Айнтрахт қатарынан тоғыз кездесуді сәтті өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан UEFA Еуропа лигасы жартылай финалының алғашқы ойындары өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан Еуропа лигасында Айнтрахт қатарынан тоғыз кездесуді сәтті өткізді

Жарыстың аталған сатысында алғашқы кездесуде «Вест Хэм Юнайтед» (Англия) және «Айнтрахт» (Германия) шеберлік байқасты.

Ойын барысында неміс клубы сырт алаңда қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Тағы бір кездесуде «Лейпциг» (Германия) мен «Рейнджерс» (Шотландия) жасыл алаңға шықты. Кездесу тағдырын германиялық клуб соққан жалғыз гол шешті. «Лейпциг» қарсыласын 1:0 есебімен жеңді. Осылайша «Айнтрахт» еурокубок ойындарында қатарынан тоғыз кездесуде жеңіске жетті.

Енді қарымта ойындар 5 мамырда өткізіледі. Финал 18 мамырда Испанияның Севилья қаласындағы «Рамон Санчес Писхуан» стадионында болады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы алғашқы ойындар өтті.