Футболдан Еуропа және Конференция лигасы: плей-офф кезеңінің жеребесі тартылды
Футболдан UEFA Еуропа лигасы және Конференция лигасы плей-офф сатысының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Kazinform.

Еуропа лигасы плей-офф сатысында барлығы 16 команда ойнайды.
«Фейеноорд» (Нидерланд) – «Рома» (Италия)
«Милан» (Италия) – «Ренн» (Франция)
«Ланс» (Франция) – «Фрайбург» (Германия)
«Янг Бойз» (Швейцария) – «Спортинг» (Португалия)
«Бенфика» (Португалия) – «Тулуза» (Франция)
«Брага» (Португалия) – «Карабах» (Әзербайжан)
«Галатасарай» (Түркия) – «Спарта Прага» (Чехия)
«Шахтер» (Украина) – «Марсель» (Франция).
Жарыстың аталған сатысындағы 16 команданың 8-і Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде үшінші орын алғандар болса, қалғаны - Еуропа лигасы топтық кезеңінде екінші орынға ие болған ұжымдар.
Бұл жұптардың жеңімпаздары 1/8 финалда Еуропа лигасы топтық кезеңінде бірінші орын алған «Вест Хэм» (Англия), «Брайтон» (Англия), «Рейнджерс» (Шотландия), «Аталанта» (Италия), «Ливерпуль» (Англия), «Вильярреал» (Испания), «Славия Прага» (Чехия), «Байер» (Германия) клубтарымен кездеседі.
Сондай-ақ Конференция лигасы плей-офф сатысының жеребесі белгілі болды.
«Штурм» (Австрия) – «Слован Братислава» (Словакия)
«Серветт» (Швейцария) – «Лудогорец» (Болгария)
«Юнион» (Бельгия) – «Айнтрахт» (Германия)
«Бетис» (Испания) – «Динамо Загреб» (Хорватия)
«Олимпиакос» (Грекия) – «Ференцварош» (Венгрия)
«Аякс» (Нидерланд) – «Буде-Глимт» (Норвегия)
«Мольде» (Швеция) – «Легия» (Польша)
«Маккаби Хайфа» (Израиль) – «Гент» (Бельгия)ү
Аталған кезеңдегі ойындар 2024 жылдың 15, 22 ақпан күндеріне белгіленген. Әрбір жұптағы жеңімпаздар 1/8 финалға жолдама алады. Онда Конференция лигасы топтық кезеңінде бірінші орын алған командалармен кездеседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын Футболдан Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жеребесі тартылды.