Футболдан Қазақстанның 17 жасқа дейінгі қыздар құрамасы Қырғызстаннан басым түсті
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Бішкек қаласында Қырғызстан құрамасымен жолдастық матч өткізді.

Ойын барысында қазақстандық футболшылар қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті. Олардың қатарынан Ботагөз Жұмажанова гол соқса, Ангелина Остер дубль жасады.
Екі құрама арасындағы екінші жолдастық ойын 30 мамыр күні Қырғызстан футбол одағының базасында өтеді.
Отандастарымыз Қырғызстан астанасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.
Қақпашылар: Каролина Гук («Астана»), Стелла Бабурчина-Луклянец («Ертіс»);
Қорғаушылар: Ксения Сандер, Владлена Гавриш, Валерия Друзь (бәрі – «Шахтер»), Дина Кукиль («Тобыл»), София Яшкова («Қайрат»)
Жартылай қорғаушылар: Варвара Цой («Тобыл»), Кәусар Алпысбай, Айя Муттари («Қайрат»), Жібек Ержанқызы («Елімай»), Әлзия Жамбыл («Астана»), Валерия Косарева («Ертіс»), Дамира Мақсат, Саида Дюсембаева (екеуі де – «Шахтер»)
Шабуылшылар: Ангелина Остер, Ангелина Кленова («Қайрат»), Толғанай Амантай («Шахтер»), Виктория Бахман («Алтай»), Ботагөз Жұмажанова («Атырау»).
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы Қырғызстанмен алғашқы жолдастық кездесуін өткізді.