Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан футбол федерациясы Бегайым Қырғызбаеваның Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалғанын жариялады.

Бегайым Қырғызбаева
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Бегайым Сапарқызы – қазақстандық әйелдер футболының ең жарқын өкілдерінің бірі. Футболшы ретінде 11 рет Қазақстан чемпионы атанып, 10 мәрте Қазақстан Кубогын жеңіп алған.

Ұлттық құрама сапында 2003 жылдан бері өнер көрсетіп, Қазақстан әйелдер құрамасы тарихындағы ең көп матч өткізген рекордшы атанды. Оның еншісінде елдің басты командасы сапында 85 ойын және 17 гол бар.

Бегайым Сапарқызы бапкерлік қызметін 2022 жылы бастады. Ол «Оқжетпес» және «Елімай» әйелдер командаларын жаттықтырып, сондай-ақ Қазақстан әйелдер ұлттық құрамасында бас бапкердің көмекшісі қызметін атқарды.

Еске салсақ, бұдан бұрын Футболдан Қазақстан құрамасының бапкерлер құрамы анықталды.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум