Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкері өмірден озды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Разия Нүркенова кенеттен қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан футбол федерациясына сілтеме жасап.
None
None

Разия Төлеуқызы Нүркенова 52 жастан асқан шағында кенеттен көз жұмған. Бұл есім мамандар мен жанкүйерлер арасында кеңінен танымал. Ол кезінде ұлттық құраманың алғашқы шабуылшысының бірі болған еді.

Р. Нүркенова спорттық мансабын қарағандылық «Олимп» әйелдер футбол клубында бастаған. Бұл командада ол 1987-1991 жылдардың аралығында ойын көрсетті. Команда капитаны міндетін атқарды. 1992 жылы Ресейдің Самара қаласының ЦСКА ВКС футбол клубына ауысып, онда 2001 жылға дейін шабуыл шебіндегі жартылай қорғаушы болды.

Р. Нүркенова кезінде КСРО, ТМД, Қазақстан және Ресей құрамаларына да шақырылған. Спортшылық мансабы аяқталғаннан кейін футбол төрешісі болса, кейіннен бапкерлік қызметпен айналысты. Футболдан Қазақстан және Ресей спорт шебері.


Соңғы жаңалықтар