Футболдан Қазақстан әйелдер лигасының жаңа маусымы қашан басталады

АСТАНА. KAZINFORM - 2026 жылы футболдан Қазақстан әйелдер лигасының жаңа маусымы сәуір айында басталады.

Футболдан Қазақстан әйелдер лигасының жаңа маусымы
Фото: Kffleague.kz

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.

Жаңа маусымда чемпиондық атаққа 19 команда таласады. Олардың қатарында «Ақтөбе», «Алтай» (Өскемен), «Астана», «Атырау», БИІК (Шымкент), «Елімай» (Семей), «Жеңіс» (Астана), «Жетісу» (Талдықорған), «Ертіс» (Павлодар), «Қайрат» (Алматы), «Қайсар» (Қызылорда), «Каспий» (Ақтау), «Қызылжар» (Петропавл), «Оқжетпес» (Көкшетау), «Ордабасы» (Шымкент), «Тобыл» (Қостанай), «Тұран» (Түркістан), «Ұлытау» (Жезқазған), «Шахтер» (Қарағанды) командалары бар.

Айта кетсек, бұдан бұрын футболдан Қазақстан Премьер-лигасы 2026 жылғы маусымының ойын күнтізбесі толық белгілі болды.

Премьер-лига биылғы маусымының алғашқы турында 7 наурызда «Ақтөбе» - «Тобыл» (Қостанай), «Алтай» (Өскемен) - «Қайрат» (Алматы), «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Елімай» (Семей), «Ордабасы» (Шымкент) - «Ертіс» (Павлодар), 8 наурызда «Астана» - «Жетісу» (Талдықорған), «Атырау» - «Ұлытау» (Жезқазған), «Қайсар» (Қызылорда) - «Жеңіс» (Астана), «Қызылжар» (Петропавл) - «Каспий» (Ақтау) ойнайды.

Ал футболдан Бірінші лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігі сәуір айында жалауын көтереді.

Біріншілікке барлығы 14 команда қатысады деп жоспарланып отыр. Қай командалардың қатысатыны лизенция алғаннан кейін толық белгілі болады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум