Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Астана» «Қайраттан» бес ұпайға ұзап кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 23 сәуірде футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінде екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Елордалық «Астана» сырт алаңда Қарағандының «Шахтер» командасын жеңді. Бұл ойында Валерий Чуперка 19-минутта соққан жалғыз гол еордалық клубқа жеңіс сыйлады. Осылайша «Астана» қатарынан төртінші мәрте жеңіске жетті. Турнир кестесінде 17 ұпаймен жеке-дара көш басына шықты. Соңында келе жатқан «Тараздан» 4, «Қайраттан» 2 ұпайға ұзап кетті.

Елордалық клубты өкшелеп келе жатқан «Тараз» сырт алаңда Ақтаудың «Каспий» клубына 0:1 есебімен есе жіберді. Кездесуде 31-минутта алаң иелері қатарынан Уаджди Сали соққан жалғыз гол ойын тағдырын шешті.

Дәл қазір «Қайрат» сырт алаңда «Атыраудан» 0:1 есебімен жеңіліп жатса, «Тобыл» өз алаңында дәл сол есеппен «Тұраннан» басым түсуде.

Жетінші турдағы қалған ойындар 24 сәуірде өткізелді. Бұл күні «Қызылжар» (Петропавл) мен «Жетісу» (Талдықорған), «Ақжайық» (Орал) пен «Ақтөбе», «Ордабасы» (Шымкент) пен «Қайсар» (Қызылорда) командалары кездеседі.


Соңғы жаңалықтар