Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Атырау» «Каспийден» басым түсті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігі тоғызыншы турының тағы бір ойыны аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жолы «Атырау» өз алаңында Ақтаудың «Каспий» командасын қабылдады. Еліміздің батыс өңіріндегі қос команда арасындағы жекпе-жек тартысты өтті.

Алаң иелері сапынан 16-минутта Гарсия Брайан Сильва есеп ашты. Ал 19-минутта оның командалас әріптесі Алекс Брунов есепті ұлғайтты.

Ойынның 40-минутында «Каспий» сапынан Давид Караев пенальтиден мүлт кетпеді. Бұдан кейін таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. Осылайша «Атырау» қарсыласын 2:1 есебімен тізе бүктірді. Қатарынан үш ойын бойы жеңіске жетіп, нәтижесінде 11 ұпаймен сегізінші орынға көтерілді.

Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін елордалық «Астана» сырт алаңда «Ақтөбеден» 2:0 есебімен басым түскен болатын.

Дәл қазір «Тобыл» (Қостанай) мен «Тараз» кездесуінің бірінші кезеңінен кейін алаң иелері 2:0 есебімен жеңіп жатыр.

Енді 3 мамырда «Қызылжар» (Петропавл) мен «Қайрат» (Алматы), «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тұран» (Түркістан), «Ақжайық» (Орал) пен «Жетісу» (Талдықорған), «Шахтер» (Қарағанды) мен «Қайсар» (Қызылорда) шеберлік байқасады.


Соңғы жаңалықтар