Футболдан Қазақстан біріншілігі: Бүгін 17-тур ойындары басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он жетінші туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан Қазақстан біріншілігі: Бүгін 17-тур ойындары басталады

Ойындар 22 және 23 маусым күндеріне белгіленген. Алғашқы күні үш жұп кездессе, екінші күнінде төрт матч өтеді.

Аталған турдың шымылдығы 22 маусымда 19.00-де «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Ордабасы» (Шымкент) командалары кездесуімен ашылады. Одан кейін 20.00-де «Ақжайық» (Орал) мен «Шахтер» (Қарағанды), 21.00-де «Ақтөбе» мен «Қызылжар» (Петропал) кездесулерімен жалғасады.

Ал 23 маусымда 18.00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Атырау», 19.00-де «Қайрат» (Алматы) мен «Каспий» (Ақтау), 20.00-де «Тараз» бен «Тұран» (Түркістан) ойындары болады. Бұл турды 21.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тобыл» (Қостанай) кездесуі түйіндейді.

Он алтыншы турдан кейін 38 ұпаймен «Астана» көш бастап келеді. Одан кейінгі орындардағы «Тобылдың» 35, «Қайраттың» 30 ұпайы бар.