Футболдан Қазақстан біріншілігі: Бүгін 19-тур ойындары басталады

Ойындар 2, 3 және 4 шілде күндеріне белгіленген. Алдымен, 2 шілдеде үш жұп кездеседі. 3 шілдеде үш матч өтсе, 4 шілдеде тағы бір ойын бар.
Аталған турдың шымылдығы 2 шілдеде сағат 19.00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Атырау», «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Шахтер» (Қарағанды) командалары кездесулерімен ашылады. Одан кейін 21.00-де «Ақтөбе» мен «Ақжайық» (Орал) ойыны болады.
Ал 3 шілдеде сағат 18.00-де «Жетісу» (Талдықорған) мен «Қызылжар» (Петропавл), 21.00-де «Қайсар» (Қызылорда) мен «Ордабасы» (Шымкент), 20.00-де «Тұран» (Түркістан) мен «Тобыл» (Қостанай) ойындары өткізіледі. Аталған турды 4 шілдеде сағат 19.00-де «Тараз» бен «Каспий» (Ақтау) кездесуі түйіндейді.
Он 18-турдан кейін 39 ұпаймен «Тобыл» көш бастап келеді. Одан кейінгі орындардағы «Астананың» - 38, «Қайраттың» 34 ұпайы бар.