Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Қайрат» Алматыда «Тараз» командасымен тең түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 17 наурызда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің үшінші турында төрт ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Қайрат» Алматыда «Тараз» командасымен тең түсті

Биылғы доп додасында барлығы 14 команда бақ сынайды. Олар екі айналым жүйесі бойынша шеберлік байқасады.

Аталған турдағы алғашқы кездесу «Атырау» мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) командалары арасында өтті. Ойында атыраулық команда 2:1 есебімен басым түсті.

Бұл турда өз алаңында «Тұран» (Түркістан) «Каспий» (Ақтау) командасына 0:1 есебімен жол берсе, «Қайрат» (Алматы) пен «Тараз» арасында 1:1 есебі тіркелді. Ал «Ордабасы» (Шымкент) мен «Ақжайық» (Орал) клубын 2:0 есебімен жеңді.

Дәл қазір «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Ақтөбе», «Тобыл» (Қостанай) мен «Қызылжар» (Петропавл) арасындағы кездесулер өтуде. Алғашқысында елордалық клуб 1:0 есебімен алда тұрса, екіншісінде есеп ашылған жоқ.

Еске салсақ, аталған турдағы «Шахтер» (Қарағанды) мен «Ақсу» (Павлодар облысы) арасындағы кездесу ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілді.