Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Тобыл» «Ордабасыға» есе жіберді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің бесінші турының екі ойыны аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Тобыл» «Ордабасыға» есе жіберді

Қазірге дейін ел біріншілігі бесінші турындағы екі кездесудің нәтижесі белгілі болды.

Алдымен Оралдың «Ақжайығы» сырт алаңда «Атырауды» 1:0 есебімен тізе бүктірді.

Тағы бір кездесуде Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Шымкенттің «Ордабасы» командасымен кездесті. Ойынның бірінші кезеңінде қостанайлық клубтан Александр Марочкин алаңнан қуылды. Соған байланысты 22-минутта белгіленген пенальтиден шымкенттік Эльхан Астанов мүлт кеткен жоқ. Оған 41-минутта Игорь Сергеев бір голмен жауап қайырды. «Ордабасы» сапынан Серж Ньюадзи 44, 85-минуттарда мергендік танытты.

Осылайша «Тобыл» сырт алаңда қарсыласына 1:3 есебімен есе жіберді.

Айта кетсек, аталған турда бүгін, 9 сәуірде елорда уақытымен 19.00-де Алматының «Қайраты» өз алаңында Ақтаудың «Каспий» командасын қабылдайды.

Сондай-ақ, 10 сәуірде «Шахтер» (Қарағанды) және «Мақтарал» (Түркістан облысы), «Ақсу» (Павлодар облысы) мен «Ақтөбе», «Тұран» (Түркістан) мен «Қызылжар» (Петропавл), «Астана» (Нұр-Сұлтан) мен «Тараз» командалары кездеседі.