Футболдан Қазақстан біріншілігі: «Жетісу» қатарынан үш мәрте жеңіске жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің он төртінші турының алғашқы ойын күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған турдағы алғашқы ойында «Қызылжар» (Петропавл) мен «Тараз» командалары шеберлік байқасты. Кездесуде 2:2 есебі тіркелді.

Тараздық клуб сапынан Ненад Адамович 11, 37-минуттарда мергендік танытты.

Оған алаң иелері қатарынан Дарко Зорич 64, Әлібек Қасым 90-минуттарда қос голмен жауап берді.

Алматылық «Қайрат» пен Қызылорданың «Қайсар» арасындағы кездесу тағдырын 33-минутта алматылық шабуылшы Хосе Канте соққан жалғыз гол шешті.

«Қайрат» қарсыласын 1:0 есебімен жеңді.

Түркістанда жергілікті «Тұран» Талдықорғанның «Жетісу» командасына 0:2 есебімен жол берді.

Талдықорғандық клубтан Нұрберген Нұрбол 51-минутта мергендік танытса, 64-минутта Айбар Жақсылықов пенальтиді мүлт жіберген жоқ.

Осылайша «Жетісу» қатарынан үшінші мәрте жеңіске жетті.

Енді 29 мамырда «Ордабасы» (Шымкент) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Каспий» (Ақтау) мен «Астана» (Нұр-Сұлтан), «Атырау» мен «Ақжайық» (Орал), «Тобыл» (Қостанай) мен «Ақтөбе» кездеседі.


Соңғы жаңалықтар