Футболдан Қазақстан біріншілігінде «Астана» «Каспийді» ірі есеппен жеңді

Бұл күнгі екінші кездесу елордалық «Астана» мен ақтаулық «Каспий» командалары арасында өтті.
Алты турдан кейін 13 ұпаймен «Каспий» көш басында тұрса, «Астана 9 ұпаймен әзірге бесінші орында келе жатқан еді.
Ойын барысында елордалық команданың басымдығы байқалып тұрды. Нәтижесінде қарсыластар қақпасына жауапсыз төрт гол соқты. Ойынның 14, 27-минуттарында Влут Рай «Астананы» алға шығарса, 42-минутта Макс Эбонг мергендік танытты. Кездесу нүктесін 59-минутта Марин Томасов гол салды.
Осылайша «Астана» қарсыласын 4:0 есебімен тізе бүктірді. Турнир кестесінде 12 ұпаймен екінші орынға көтерілді. Ал еншісінде 13 ұпай бар «Каспий» бірінші орынды сақтап қалды.
Еске салсақ, бұдан бұрын қостанайлық «Тобыл» сырт алаңда «Атырауға» 1:2 есебімен жол берді.
Жетінші турдағы өзге ойындар ертең, 23 сәуір күні өткізіледі.