Футболдан Қазақстан біріншілігінде қанша шетелдік ойыншы бар
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 2026 жылғы маусымында 126 легионер тіркелді.
Шетелдік ойыншылар арасында Беларусь елінен келгендер саны көп. Бұл мемлекеттен 14 футболшы еліміздің жасыл алаңында доп тебеді. Одан кейінгі орындардағы Ресей -12, Сербия - 11 футболшыны қосып отыр.
Сондай-ақ алдағы уақытта жанкүйерлер Украина, Бразилия, Хорватия, Португалия, Нигерия, Грузия, Черногория, Босния және Герцеговина, Жапония, Сенегал, Гана, Финляндия, Аргентина, Испания, Албания, Болгария, Франция, Кот-д’Ивуар, Камерун, Никарагуа, Гвинея, Того, Колумбия, Марокко, Нигер, Түркия, Германия, Словакия, Румыния, Литва, Швеция, Чили, Израиль, Венесуэла, Фарер аралдары, Молдова елдерінің өкілдерінің ойынын тамашалай алады.
Еске салсақ, биыл «Ақтөбе» биылғы біріншілікті ірі жеңіспен бастады.