Футболдан Қазақстан чемпионаты: БИИК көш басына шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының жетінші турының алғашқы ойын күні өтті.

Футболдан Қазақстан чемпионаты: БИИК көш басына шықты
Фото: Kffleague.kz

Аталған турда шымкенттік БИИК командасы сырт алаңда Қостанайдың «Тобылын» 18:0 есебімен жеңді. 

Кездесу барысында шымкенттік команда бірінші кезеңде жауапсыз он гол соқса, екінші кезеңде тағы сегіз голды тоғытты.

Аталған жеңісінен кейін олар турнир кестесінде 19 ұпаймен бірінші орынға көтерілді.

Сондай-ақ бүгін «Атырау» түркістандық «Томирис-Тұраннан» 0:7, семейлік «Елімай» «Ақтөбеден» 0:5, астаналық «Жеңіс» Алматының «Қайраттан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды. 
Енді 23 мамырда «Жетісу» (Талдықорған) мен «Астана», «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл), «Оқжетпес» (Көкшетау) мен «Ұлытау» (Жезқазған) командалары кездеседі.

Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.

Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.

Еске салсақ, футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы мамыр айында Қырғызстанмен екі жолдастық кездесу өткізеді.

Соңғы жаңалықтар