Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Жетісу» әйелдер командасы екінші жеңісіне жетті
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионатының жетінші туры мәрісен жетті.

Екінші ойын күнінде «Жетісу» (Талдықорған) мен «Астана» командалары кездесті. Қарсыластар турнир кестесінде қатарлас келеді. Сондықтан олар тартысты ойын өткізді. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз гол «Жетісуға» жеңіс алып келді.
Осылайша қарсыласынан 1:0 есебімен басым түскен олар турнир кестесіндегі жағдайын жақсарта түсті. Біріншіліктегі екінші жеңісіне жетті.
Ал «Қайсар» (Қызылорда) мен «Қызылжар» (Петропавл) 0:0 есебіне қанағат білдірсе, көкшетаулық «Оқжетпес» (Көкшетау) өз алаңында жезқазғандық «Ұлытауға» 1:2 есебімен есе жіберді.
Аталған турда 22 мамырда шымкенттік БИИК командасы сырт алаңда Қостанайдың «Тобылын» 18:0 есебімен жеңсе, «Атырау» түркістандық «Томирис-Тұраннан» 0:7, семейлік «Елімай» «Ақтөбеден» 0:5, астаналық «Жеңіс» Алматының «Қайраттан» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Федерация талабымен ерлер клубтарының жанынан әйелдер құрамалары құрылған. Өткен жылы чемпионатқа тек 4 өңірден 5 команда ғана тіркелген еді.
Әр команда сапында кемінде қазақстандық футбол мектебінің 13 түлегі болуға тиіс деген талап қойылып отыр. Оған 2009 жылы және одан ерте дүниеге келген футболшылар қатыса алады.