Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Тобыл» «Атыраудан» басым түсті
Аталған турда жанкүйерлер Қостанайдың «Тобыл» командасының сырт алаңдағы «Атыраумен» кездесуіне көз тікті.
Бұл ойында қостанайлық клуб тең түскен немесе жеңілген жағдайда чемпиондықтан үміт үзуіне тура келетін еді.
Өйткені, қазір «Астана» мен «Тобыл» алтын жүлдеге таласып отыр.
«Астана» бүгін елордада «Тараз» командасын қабылдады. Қарсыласын 3:0 есебімен жеңіп, турнир кестесінде «Тобылдан» төрт ұпайға ұзап кетті.
Сондықтан қостанайлық клубқа бүгін тең жеңіс қажет болатын.
Ойын барысында олардың қатарынан Алекс Амановичтің 18-минутта соққан жалғыз голы «Тобылға» жеңіс алып келді.
Осылайша олар қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті. Турнир кестесінде 49 ұпаймен екінші орынға берік орнықты.
Сондай-ақ, бүгін «Ордабасы» мен «Каспий», «Ақжайық» пен «Қайсар» 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Ал 26 қыркүйекте Алматының «Қайраты» сырт алаңда Қарағандының «Шахтерімен» 1:1 есебімен тең түсті.
Түркістанның «Тұраны» сырт алаңда Петропавлдың «Қызылжарын» 1:0 есебімен тізе бүктірсе, өз алаңында «Ақтөбе» Талдықорғанның «Жетісуынан» 2:0 есебімен басым түсті.
Енді 23-тур ойындары 2 және 3 қазан күндері өткізіледі.