Футболдан Қазақстан чемпионатында «Ақжайық» «Ақсудан» ұтылып қалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан чемпионатының сегізінші турында Оралдың «Ақжайығы» өз алаңында «Ақсуды» қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан Қазақстан чемпионатында «Ақжайық» «Ақсудан» ұтылып қалды

Осыған дейін үш рет қатарынан жеңіске жеткен оралдықтар турнир кестесінде 10-сатыда болса, «Ақсу» соңғы орындардың бірінде тұрған еді.

Бірінші таймда қонақтар көбірек шабуылдағанымен, есеп ашылған жоқ.

Есесіне ойынның екінші кезеңінде 67-минутта айып добы орындалғаннан кейін Арман Смайылов жеңіс голын соғып кетті.

Бұдан кейін «Ақжайық» ойыншылар алмастырып, таразы басын теңестіруге тырысқанымен, есеп өзгерген жоқ.

Қорытынды есеп - 1:0, «Ақсудың» пайдасында.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын «Ақжайықтың» қатарынан үш рет жеңгенін, «Ордабасы» көш басына көтерілгенін жазған болатынбыз.

Суреттерді түсірген Айбатыр Нұраш.