Футболдан Қазақстан қыздар құрамасы Грузияны ірі есеппен жеңді

Қыздар командасы
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2025 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Грузияны ірі есеппен жеңді.

Ойын барысында грузиялық құрамадан Наталья Квирквайя 4-минутта есеп ашты. Одан кейін қазақстандық футболшылар белсенді қимылымен көзге түсіп, қарсылас қақпасын бес мәрте дәл көздеді. Ел құрамасынан 37-минутта Валерия Попва таразы басын теңестірсе, ол 53-минутта тағы бір мәрте мергендік танытты.

Одан кейін Аяжан Қожабекова 64, Қазына Норбаева 72, Адия Асқарова 88-минутта гол соқты.

Осылайша ел құрамасы қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсті. 

Айта кетсек, бұған дейін қазақстандық футболшылар Эстонияға 1:2 есебімен жеңіліп, Солтүстік Ирландиямен 0:0 есебімен тең түскен еді.

Соңғы жаңалықтар