Футболдан Қазақстан кубогы: «Атырау» мен «Тобыл» ширек финалға шықты

Футбол
Фото: Наталья Зинченко \ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан кубогының ширек финалына «Атырау» және «Тобыл» командалары жолдама алды. 

Өз алаңында «Қайсар» қостанайлық «Тобыл» командасынан 0:3 есебімен жеңілсе , «Атырау» SD Family командасын 6:0 есебімен тас-талқан етіп жеңді. 

16:00-де «Жеңіс» пен «Астана», 18:00-де «Қайрат» пен «Тұран» командалары кездеседі. 
Ал, 14 сәуірде 14:00-де «Тараз» бен «Ордабасы», «Оңтүстік академия» мен «Қызылжар», 16:00-де «Елімай» мен «Шахтер», «Ақтөбе» мен «Жетісу» ойнайды.

8 мамырда 1/4 финал ойындары, 1/2 финал 29 мамыр мен 19 маусымда өткізіледі. Финал 29 қыркүйекке белгіленген. 

Соңғы жаңалықтар