Футболдан Қазақстан кубогы ¼ финалына қай командалар шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Қазақстан кубогының ¼ финалына шыққан барлық команда анықталды.
Жарыстың бұл кезеңін «Ордабасы» (Шымкент) — «Каспий» (Ақтау) командалары түйіндеді.
Кездесу барысында шымкенттік клубтың белсенділігі байқалды. Олар бірінші кезеңде бір гол соқса, екінші кезеңде тағы екі гол соқты. Бұл голдарды Димитар Митков 17, 66, 88-минутта өзінің еншісіне жазды.
Осылайша «Ордабасы» қарсыласынан 3:0 есебімен басым түсіп, ширек финалға жолдама алды.
Ал «Ақтөбе» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, ширек финалға жолдама алды.
Ойындар нәтижесі
29 сәуір (сәрсенбі)
«Оқжетпес» (Көкшетау) — «Жеңіс» (Астана) 2:3
«Ертіс» (Павлодар) — «Қызылжар» (Петропавл) 1:2
«Атырау» — «Жетісу» (Талдықорған) 0:2
«Астана» — «Тобыл» (Қостанай) 1:2
«Қайсар» (Қызылорда) — «Кайрат» (Алматы) 2:1
30 сәуір (бейсенбі)
«Алтай» (Өскемен) — «Ұлытау» (Жезқазған) 4:3
«Ақтөбе» — «Елімай» (Семей) 2:1
«Ордабасы» (Шымкент) — «Каспий» (Ақтау) 3:0.
Енді ширек финалда 13 сәуірде «Ордабасы» — «Жетісу», «Ақтөбе» — «Алтай», «Қайсар» — «Тобыл», «Жеңіс» — «Қызылжар» ойнайды.
Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді.
Қазірге дейін барлығы 15 команда кубокты жеңіп алды. Оның ішінде «Қайрат» (Алматы) — 10, «Жеңіс» (Астана), «Астана», «Тобыл» (Қостанай) — 3, «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда), «Ордабасы» (Шымкент) -2, «Атырау», «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды), «Восток» (Өскемен), «Алматы», «Достық» (Алматы), «Спартак» (Семей) 1 мәртеден жеңімпаз атанды.