Футболдан Қазақстан кубогында «Қайрат» пен «Астана» жарысты жалғастырады

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан кубогы ширек финалына тағы екі жолдамаға алматылық «Қайрат» пен елордалық «Астана» ие болды.

футбол
Фото: pixabay.com

Бүгін елімізде Қазақстан кубогы 1/8 финалының ойындары басталды. Әзірге ширек финалға шыққан төрт команда анықталды.

«Астана» сырт алаңда астаналық «Жеңіс» командасымен кездесті. Ойын тағдырын 5-минутта соққан жалғыз гол шешті. Әріптесі Фабьен Урега берген пасты «Астана» шабуылшысы Рамазан Кәрімов голға айналдырды.

Осылайша «Астана» қарсыласынан 1:0 есебімен басым, ширек финал жолдамасын қалтаға басты.

бір кзедесуде алматылық «Қайрат» өз алаңында Түркістанның «Тұранын» қабылдады.
Ойынның 29-минутында Элдер Сантана алматылық клубты алға шығарса, әріптестері Лука Гадрани 40, Еркебұлан Сейдахмет 92-минутmа есепті үстемелей түсті.

Қарсыласын 3:0 есебімен тізе бүктірген «Қайрат» жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.
Енді 14 сәуірде 14:00-де «Тараз» бен «Ордабасы» (Шымкент), «Оңтүстік академия» (Шымкент) мен «Қызылжар» (Петропавл), 16:00-де «Елімай» (Семей) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Ақтөбе» мен «Жетісу» (Талдықорған) ойнайды.

Одан кейін 8 мамырда 1/4 финал болса, 1/2 финал 29 мамыр мен 19 маусымда өткізіледі. Финал 29 қыркүйекке белгіленген.