Футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалына қай командалар шықты
АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін футболдан Қазақстан кубогының 1/16 финалы мәресіне жетті.
Биыл турнир 1/16 финал кезеңінен бастау алды. Ерекшелігі оған әуесқой лиганың екі жеңімпазы қатысты. Жеңімпаз бір ойынның нәтижесімен анықталды. Мұндай мүмкіндікке «Қайсар», «Тобыл», «Атырау», «Ордабасы», «Қайрат», «Астана», «Елімай», «Жетісу», «Ертіс», «Жеңіс», «Алтай», «Ақтөбе», «Ұлытау», «Оқжетпес», «Каспий», «Қызылжар» командалары ие болды.
8 сәуір
14:00. «Талас» - «Қайсар» 0:2
14:00. «Ансат» - «Тобыл» 0:8
14:00. «Жас Қыран» - «Атырау» 0:4
15:00. «Академия Оңтүстік» - «Ордабасы» 2:4
15:00. «Жайық» - «Қайрат» 1:3
15:00. «БКС» - «Астана» 1:2
18:00. «Тұран» - «Елімай» 1:4
19:00. «Қаршыға» - «Жетісу» 0:1.
9 сәуір
14:00. «Zhelaev Nan» - «Алтай» 0:2
14:00. «Хромтау» - «Жеңіс» 1:4
15:00. «Арыс» - «Ақтөбе» 0:4
15:00. «Батыр» -«Каспий» 0:4
15:00. «Шахтер» - «Оқжетпес» 2:3
15:00. «Тараз» - «Ұлытау» 0:0, қосымша кезеңде 0:1
16:00. «Хан тәңірі» - «Қызылжар».
«SD Family» командасының биыл біріншілікке қатысудан бас тартуына байланысты «Ертіс» 1/8 финалға бірден жолдама алды. Енді 1/8 финалда «Ордабасы» - «Каспий», «Атырау» - «Жетісу», «Ақтөбе» - «Елімай», «Алтай» - «Өскемен», «Қайсар» - «Қайрат», «Астана» - «Тобыл», «Оқжетпес» - «Жеңіс», «Ертіс» - «Қызылжар» шеберлік байқасады.
Бұған дейін футболдан Қазақстан кубогының 1/16 финалына шыққан 9 команда анықталғанын жазған едік.
Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін барлығы 15 команда кубокты жеңіп алды. Оның ішінде «Қайрат» (Алматы) - 10, «Жеңіс» (Астана), «Астана», «Тобыл» (Қостанай) - 3, «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда), «Ордабасы» (Шымкент) -2, «Атырау», «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды),«Восток» (Өскемен), «Алматы», «Достық» (Алматы), «Спартак» (Семей) - 1 мәртеден жеңімпаз атанды.