Футболдан Қазақстан кубогының жеребесі қашан тартылады
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан Қазақстан кубогының жеребе тарту рәсімі 27 ақпанда өтетіні белгілі болды.
Тікелей эфир сағат 15:00-де «Qazsport» телеарнасында басталады.
Биыл турнир 1/16 финал кезеңінен бастау алады. Ерекшелігі оған әуесқой лиганың екі жеңімпазы қатыса алады.
2025 жылғы Қазақстан Кубогының иегері «Тобыл» жарысты 1/8 финалдан бастайды.
Қазақстан кубогы 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін барлығы 15 команда кубокты жеңіп алды. Оның ішінде «Қайрат» (Алматы) - 10, «Жеңіс» (Астана), «Астана», «Тобыл» (Қостанай) - 3, «Ақтөбе», «Қайсар» (Қызылорда), «Ордабасы» (Шымкент) -2, «Атырау», «Ертіс» (Павлодар), «Тараз», «Шахтер» (Қарағанды),«Восток» (Өскемен), «Алматы», «Достық» (Алматы), «Спартак» (Семей) - 1 мәртеден жеңімпаз атанды.
Айта кетсек, бұдан бұрын футболдан Қазақстан Премьер-лигасы 2026 жылғы маусымының ойын күнтізбесі толық белгілі болды.
Премьер-лига биылғы маусымының алғашқы турында 7 наурызда «Ақтөбе» - «Тобыл» (Қостанай), «Алтай» (Өскемен) - «Қайрат» (Алматы), «Оқжетпес» (Көкшетау) - «Елімай» (Семей), «Ордабасы» (Шымкент) - «Ертіс» (Павлодар), 8 наурызда «Астана» - «Жетісу» (Талдықорған), «Атырау» - «Ұлытау» (Жезқазған), «Қайсар» (Қызылорда) - «Жеңіс» (Астана), «Қызылжар» (Петропавл) - «Каспий» (Ақтау) ойнайды.