Футболдан Қазақстан кубогы: Бүгін ширек финал ойындары басталады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Қазақстан кубогы ширек финал ойындары басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан Қазақстан кубогы: Бүгін ширек финал ойындары басталады

Ширек финалдың екі ойыны бүгін өткізілсе, екеуі кейінге қалдырылып отыр.

Ширек финалдағы «Қызылжар» мен «Тобыл» кездесуі елорда уақытымен 17.00-де басталса, «Астана» мен «Каспий» 19.00-де жасыл алаңға шығады.

Ал «Қайрат» пен «Қайсар», «Тараз» бен «Шахтер» алғашқы кездесуін 22 қыркүйекте болса, қарымта ойын шамамен 27 қазанға белгіленген.

Жарыстың 1/4 және 1/2 финалдық сатыларында командалар екі ойыннан өткізеді. Финал 28 қараша күні болады.